2020 жылғы   15  қыркүйек

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ

Мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орнына ішкі  конкурс жариялайды:


«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша бас маман.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-G-3», 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 90962 теңгеден           122463 теңгеге дейін.
Негізгі  функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың салық салуға есеп жұргізеді. Салық  төлемдерін жинауға жәрдемдеседі (көлік, жер, мүлік, ЖКС). Аудан әкімінің және жергілікті қауымдастық жиналысымен келісіліп ауылдық округтегі авариялық жағдайдағы тұрғын-үйлерді бұзуды ұйымдастырады. Нотариалдық іс-әрекеттерін жасау, азаматтық жағдайының актілерін тіркеу.  Округтің жергілікті қауымдастықтың жергілікті өзі-өзін басқарудың бюджеттік құралдарының кіріс, шығыс бөлігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Округтің жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жергілікті қауымдастықтың дамуы туралы бағдарламаны әзірлейді және жергілікті қауымдастық жиналысына бекіту ұшін ұсынады. Ведомстволық базаларымен жұмыс істеу. Құзіреті шегінде ауылдық округ аймағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сот қарауына қатысу (бөлек жағдайларда). Құжаттарды мемлекеттік тілде жүзеге асыру. Округ әкімімен берілген басқа өкілеттерді жүзеге асырады.  
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі:   немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі), немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті  басқару), немесе «Құқық», немесе «Білім».
Мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника» (информатика және есептеу техникасы), немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалары бойынша), қаржы (салалары бойынша), есеп және аудит (салалары бойынша), аударма ісі (түрлері бойынша)), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.     
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы              21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының  әкімшілік  мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес  нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiнмемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы нехабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды
қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   ауданы әкімі аппаратында  әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурстарында  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.  Анықтамаларды  8(71532) 21664 арқылы алуға болады.
Конкурсқа  қатысушылар  мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
ррналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

     Мені _________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді  сұраймын.

      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға  міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________   _______________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Мекен жайы эәне байланыс

____________________________________________________________________________________________

__________                             ________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.