«2021 жылғы Тоқшын ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және алдағы 2022 жылға арналған  жоспарлары туралы»

2021 жылы Тоқшын ауылдық округінде,  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауына сәйкес,  әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша жұмыс жүргізілген.
Тоқшын ауылдық округінің аумағы – 45448 га құрайды, аудандық орталығына дейін аралық – 46 км құрайды, округ құрамына 3 ауыл кіреді: Тоқшын а. - адам саны 1717,  Камышлово а. - адам саны 228, Тюменка а. - адам саны 278, округте барлығы 2223 адам тұрады.

Кәсіпкерлік

Тоқшын ауылдық округте кәсіпкерлік негізінде сауда кәсіпорындармен ұсынылған. Округте 1 дәріхана, 15 дүкен қызмет көрсетеді, дүкендердің барлығы аралас түрде қызмет көрсетеді. Және де округ аумағында тұрғындарға мал сою бойынша қызмет көрсететін   «Калмыков И.Л.» ЖК соғым цехі жұмыс істейді, кәсіпорында 6 адам жұмыс істейді.

Банк саласы

Округ аумағында банк сала қызметі ұсынылмаған. Жергілікті бюджетке төлеулер бойынша қызметтерді Тоқшын а. «Қазпошта» АҚ бөлімі қабылдайды, келесі қызметтер көрсетеді: электроэнергия үшін төлеулер қабылдау, телефон және қалааралық сөйлесу үшін абоненттік төлеулер, салықтар қабылдау (жер, мүлік, көліктік), нотариалдық қызмет үшін мемлекеттік баж төлеуді қабылдау.

Өнеркәсіптік

Ауылдық округте өнеркәсіптік өндіріс саласы ауыл шаруашылық өнімді істеп шығарумен айналасатын кәсіпорын «Кулинария» ЖК наубайханасы ұсынған. Тоқшын ауылында фанера өнімін шығаратын «Qazaq Veneer» ЖШС қызмет көрсетеді, 35 адам жұмысқа ораналсқан, «Тихонков» ЖК ағаш көмірін шығарады.

Ауыл шаруашылығы

Мал басы ауылдық  округінің жеке аулаларда жұмылдырылған. 2022 ж. 01.01. жағдай бойынша ірі қара малдар саны - 1346 бас, соның ішінде  сиырлар – 628 бас, жылқылар – 224 бас, қой мен ешкілер – 1445 бас, шошқалар – 1275 бас, құстар – 9926 басты құрайды.
«Лидер» ФҚ 31 бас ІҚМ, «Көк бөрі» ФҚ 520 бас қой, «Жумабаева» ФҚ 4 бас ІҚМ, 2 бас жылқы, «Полле» ФҚ 40 бас ІҚМ, 205 бас қой, «Умурбаева» ЖК – 14 бас ІҚМ.

 

Өсімдік шаруашалығы

Ауылдық  округте өсімдікт шаруашылығымен 3 ЖШС ұсынған: «Токуши Grain» ЖШС, «Крафт Агро» ЖШС, «Мадина Агро» ЖШС.  ЖШС жалпы шаруашылық алаңы 20632 га құрайды, оның ішінде 15469 га егістік жер. 10 ШҚ, ФҚ жалпы егістік жер алаңы 2528 га құрайды. Келесі дақылдар өсіріледі: бидай, арпа, рапс, зығыр, сұлы.
2021 жылы ҚШ,ФҚ дәнді дақылдардың орташа өнімділігі
10,3 ц/га, майлы дақылдар 5,8 ц/га құрады. ЖШС дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 10,1 ц/га, майлы дақылдар 6,1 ц/га құрады

 

Сумен қамтамасыз ету

Тоқшын ауылында су тарату жүйелер құру жұмысы аяқталды, 273 құдық, 109 гидрант, 191 ысырма орнатылды, 160 текше метр мұнарамен сорғы станциясы орнатылды. Жұмысты «СК Максимум» ЖШС өткізді. Бүгінгі күнде 250 үйлерге су кіргізілді.
Тюменка ауылы су қоймадан қамтамасыз етіледі, және де құдықтар орнатылған, Камышлово ауылы 1 фляга 10 теңге бағасымен су тарату мұнарадан қамтамыз етіледі. Тоқшын ауылында Парковая және Садовая көшелерінде 8 су тарату колонкалар орнатылған. «Ескі Тоқшында» су тарату пункті қызмет етеді.

Абаттандыру

Округте абаттандыру мәселесі бойынша келесі шаралар өткізілді: Даңқ мемориал жанындағы саябақтың аумағы жүйелі тазаланған және тәртіпке келтірілген, Даңқ мемориалы сырланып косметикалық жөндеу өткізілдібрусчатка салынды, округ ауылдар тұрғындармен қадалар жөндеу және сырлау өткізілген, қоқыстан аула жанындағы аумақтар тазаланған. Округің қоқыс тастайтын орынға 60 тн. қатты тұрмыс қалдықтар, қоқыстар, құрылыс қалдықтар және басқа шығарылды.
2021 жылы Тоқшын ауылында Р.Бекузаров, Байтерек, Бірлік, Проезд 3 көшелерінде көше жарықтандыру өткізілді, ауыл орталығында балаларға арналған спорт ойын алаңы орнатылды, Школьная, Гайдара көшелерінде  2 балаларға арналған аула алаңдары орнату жұмыстары өткізілді

Энергетика

Тоқшын, Камышлово, Тюменка ауылдарында электроэнергиямен қызмет көрсету Аққайың ауданы электр жүйесінің «Аксесс Энерго» ЖШС филиалымен жүзеге асырады. Тұтынушыларға энергиямен толық қолемде және тұрақты қамтылады. Бар электр жүйелер энерго қорда өсіп кележатқан экономикалық қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салықтар

2021 жылда округ бойынша жеке тұлғалардан сомасы 6179400 теңге салық жиналған, соның ішінде жер салығы 393900 теңге, мүлік салығы 255700 теңге, көлік салығы 5415800 теңге.

Ауылдық елді мекендерде телефондандыру ұйымдастыру

Телефон байланысын  «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асырады, округ тұрғындар сапасына қаңағаттанарлық. Тоқшын ауылында телефон жүйелерінің абонентер саны 01.01.2022 жылда 448 құрады (соның ішінде 102 радиотелефон арқылы),  Камышлово ауылында – 45 абонент, Тюменка ауылында – 39 абонент.
Барлық байланыс заманға сай сандықтық станциясына өткізілген.

Денсаулық сақтау

Тоқшын ауылдық округте Тоқшын а. дәрігерлік емхана қызмет етеді, және 2 фелдшер пункттер (Камышлов а.,Тюменка а.). Округте медициналық мекемелерде 12 адам істеді, оның ішінде орта медицина қызметкерлері құрамы - 6. Округте туберкулезге қарсы күрес мақсатында флюроқондырғы қызмет етті. 4 рет жылжымалы медициналық комплекс қабылдады.Келесі дәрігерлер қабылдау өткізді: терапевт, окушер гениколог, дерматолог, эндокринолог, тіс дәрігері, узи. Округте – 1414 адам егуден өтті, 170 – адам қата егуден өтті, 14 – балалар егуден өті.

Білім

Ауылдық округінің аумағында бір орта мектеп бар: Тоқшын мектеп – гимназия – 241 оқушы, екі негіз мектептер: Камышлово негізгі мектебі – 35 оқушы, Тюменка негізгі мектебі – 45 оқушы, үш шағын орталық Тоқшын мектеп – гиназиясы жанында - 35 орындық, екі шағын орталықтар негізгі мектептер жанында - 15 орындық. Барлық мектептер телефонмен, компьютерлермен қамтылған, Интернетке қосылған. Жалпы оқытушылар саны 77.

Мәдениет пен спорт

Тоқшын ауылдық округінде мәдениет пен спортты ұйымдастырудан 8500 данадан көп кітап қорымен ауылдық кітапхана жұмыс істейді.
Округ ауамағында Тоқшын ауылында бір хоккей корты, шағын футбол алаңы бар. Жастар демалыс уақытын өткізу мақсатында Тоқшын мектеп-гимназия жанында спорттық секциялар жұмыс істейді: волейбол, еркін күрес, армрестлинг. Және де биология мұғалімі М.Н.Калашников био қорді сақтандыру бойынша ерік жұмысын жүргізеді.

Жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау

2021 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: 54 жаңа жұмыс орындар құрылды, соның ішінде тұрақты 88, аумақты дамыту бағдарламасы бойынша  барлығы 98 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде бұрын жасалған жұмыс орындарға және жаңа жұмыс орындарға өкілетті органдар арқылы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша – 52 адам. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру есебінен 10 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам жоспар бойынша.
Округ аумақта 81 мүгедектер тұрады, олардан жеке ақтау бағдарлама барлар - 12 адам.
Тоқшын ауылдық округте 8 әлеуметтік қызметкерлер істеуде, олар 38 қариялар, мүгедектер және бала мүгедектерге қызмет көрсетуде.
Жоспарда: шағын және орта бизнес объектілерін дамыту және нығайту; халыққа қызмет көрсету үшін қызмет салаларын кеңейту; ауылды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу; округ көшелерінің жарықтандыру, ішкі ауылдық жолдарын жөндеу жұмыстары, жалғасады, балаларға арналған спорт ойын алаңы орнату, ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар өткізу, үйлерге су құбырын өткізу.

Тоқшын ауылдық округінің әкімі                                   Б. Имантаев

 

 

Тоқшын ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп беру
кестесі

2022 жылғы 2 ақпан сағат 14.00 Тюменка негізі мектепте, Тюменка а.
2022 жылғы 1 ақпан сағат 14.00 Камышлово негізгі мектепте, Камышлово а.
2022 жылғы 10 ақпан сағат 15.00 Тоқшын а. Онлайн