Тоқшын ауылық округте жәшіктер орналастырылған туралы ақпарат

А/о атауы

Ауылдың атауы

Орналастырылған орны

1

Тоқшын

Тоқшын

Әкім аппаратының ғимараты

Тоқшын мектеп гимназиясы

Чапаев ДЕ

«Кулинария» дүкені

«Привокзальный» дүкені

«Бапаева» дүкені

2

Камышлово

Камышлово негізгі мектебі

«Каскербаева» дүкені

3

Тюменка

Тюменка негізгі мектебі

«Каскербаева» дүкені

Есеп кездесу өткізу орны

Тоқшын а. – Тоқшын мектеп гимназиясы

Камышлово а. – Камышлово негізгі мектебі

Тюменка а. – Тюменка негізгі мектебі

 

 

«Тоқшын ауылдық округінің 2018 жылға әлеуметтік –экономикалық дамуы және 2019 жылға арналған жоспарлар туралы»

Тоқшынауылдық округінің аумағында 3 ауыл орналасқан: Тоқшын а., Камышлово а., Тюменка а., тұрғындардың жалпы саны 2483 адам.

Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындар-1547 адам.

2018 жылы  24 адам кетті, 15 адам келді.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді ұсыну бойынша жұмыс жүргізіледі. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсынымдар, кеңестер беріледі. 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 6 өтініш түсті.129 нотариалдық әрекет жасалды, 27633 теңге 45 тиыйн мемелекттік баж төленді.

 Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалған жоқ.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

2018 жылы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша "Бапаев" ЖК айналма қаржыны толықтыру үшін 6 млн. теңге несие алды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы 70 адам жұмысқа орналастырылды, 25 жаңа жұмыс орны құрылды. Округ бойынша жалдамалы қызметкерлер саны 652 дам, бұл халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 42,15 % құрайды.

 Халықтың әлеуметтік осал топтарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы округте ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, оған 10 адам жіберілді.

Жалғыз тұратын зейнеткерлерге 7 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 22986 га құрайды, жаздық егіс – 10687 га. Жер үлесі ШҚ, ФҚ -84%, ЖШС - 16%.

2018 жылы ҚШ,ФҚ дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 25,2 ц/га, майлы дақылдар 11,3 ц/га құрады.ЖШС дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 14,1 ц/га, майлы дақылдар 8,2 ц/га құрады

Жеке аулада ауылдық округінің мал басы құрайды: ІҚМ – 1322 бас (сиырлар – 626), шошқа – 1170, қой – 1378, жылқы – 217 бас, құстар – 9919.

2018 жылы бір жер үлесіне «Крафт», «Мадина», «Токуши Grain» ЖШС 700 кг. «Лидер» ФҚ1050 кг., Көк бөрі» ФҚ 1000 кг.  бидай мен арпа берілді.

Округте малды дамытуға көңіл бөлуде. «Лидер» ФҚ 53 бас ІҚМ, 40 бас шошқалар, «Көк бөрі» ФҚ 500 бас қойлар, «Жумабаева» ФҚ 7 бас ІҚМ, 2 бас жылқы, «Новоселова» ЖК 4 бас ІҚМ, «Полле» ФҚ 45 бас ІҚМ, 250 бас ШҚМ, «Крафт» ЖШС 141 бас ІҚМ, «Мадина» ЖШС 71 бас ІҚМ.

Сүтті «АгроРесусрсПродукт» ЖШС бір литрді 85 теңгеден сатып алады, орташа 1 аула айына 25500 теңге табыс табады.

 

Шағын және орта бизнес

Округте 17 дүкен жұмыс істейді.

2019 жылы 30 жұмыс орын құрумен «Казахстанская фанерная фабрика» ЖШС ашужоспарлануда.

 

Абаттандыру

Даңқ Мемориалы жөнделді және абаттандырылды.

Қысқы ауықытында ЖШС,ШҚ,ФҚ көмегімен көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Крафт» ЖШС қоқыс тастайтын орны үйіп жиналған.

2018 жылы жарықтандыру жұмысы сомасы 660 мың теңге Урожайная, сомасы 943300 теңге Школьная, сомасы 473300 теңгеден Рабочая, Молодежная көшелері, сомасы 373300 теңге Тюменка а., сомасы 383300 теңге Камышлово а. Өткізілді, 489000 теңге Озерная көше бойынша жол жөнделді.

 

Инфрақұрылым

Тоқшын ауылының тұрғындарына сумен «Крафт» ЖШС қамтамасыз етеді.

Тюменка ауылыны сумен жинақтауш арқылы қамтамасыз етіледі, Камышлово ауылында су тарату будка (жылы үй) арқылы қамтамасыз етіледі.Одан басқа «Крафт» ЖШС су таратумен айналысады. Тоқшын ауылы Парковая және Садовая көшелерінде 8 су тарату колонкалар орнатылған, «Ескі Тоқшын» жылы үй.

Кең жолақты интернетті 448 абонент қолдайды.

Камышлово-Тоқшын-Петропавл бойынша автобус бағыты бар.

 

Білім

Округте 3 мектеп жұмыс істейді , онда 314 оқушы оқиды. Білім беру саласында 69 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жанында 57 орынды толық/ толық емес шағын центр жұмыс істейді.

Оқушылардың бос уақытын және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

 

Денсаулық сақтау

Тоқшын ауылында Чапаев ДЕ жұмыс істейді, ол қажетті жиһазбен, жабдықтармен, жедел жәрдем автомобилімен жабдықталған.

Және де Камышлово, Тюменка а. Медициналық пунктер қызмет көрсетеді. Округ бойынша 300 адамжеңілдікпендәрі-дәрмектерментолықкөлемдеқамтамасызетілген.

 

Мәдениет және спорт

Тоқшын ауылдық округте 8500 артық дана кітап қорымен ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.

Округте стадион, хоккей қорабы бар. Округ тұрғындары аудандық және облыстық спорт іс-шараларында белсенді қатысады.

2018 жылғы қаңтар айында есеп кездесу барысында берілген Тоқшын ауылдық округі тұрғындармен ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес екі мәселе бақылауға алынды. Екеуіде шешілген.

Алдымызға қойылатын талаптар:

шағын және орта бизнес объектілерін дамыту және нығайту, халыққа қызмет көрсету үшін қызмет салалырн дамыту;

ауылды дамыту мемлекеттік бағдарламаларда қатысу;

ауылдық округтің елді мекендерде абаттандыру, санитарлық тазалау іс-шаралар өткізу.

 

Тоқшын ауылдық оругінің әкімі   Б.Имантаев