Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемкорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен

 


Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормалары басшылыққа алуы тиіс:

Мемлекеттік кызметші билік пен өз өкілектерін қолдана білуі және адал болуы керек.

 

Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игіліне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

 

Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?" деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оңы қоршаган дуалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

 

Мемелекттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

 

Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

 

Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.

 

Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

 

Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.

 

 

 

Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады

 

Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан — 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында қазақстандық қоғамның дамуының негiзгi бағыттарының бiрi ретiнде қоғамға қызмет ету мен мемлекеттiк басқарудың жаңа мiндеттерiне сай мемлекеттiк басқарудың жаңа түрiн қалыптастыру көрсетiлген. Ұлт басшысы халыққа және мемлекетке қызмет етудi ең жоғарғы орынға қоятын кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру мiндетiн қойып отыр.

 

2013 жылдың 26 наурызында «Мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң өз күшiне ендi. Мемлекеттiк қызметтiң үш корпусы қалыптасты: саяси мемлекеттiк қызметшiлер корпусы, басқарушылық «А» корпусы, атқарушылық «Б» корпусы. Мемлекеттiк қызметке iрiктеу, персоналды бағалау мәселелерiн реттейтiн бiрнеше заңнамалық актiлер құрастырылып, бекiтiлдi, «А» корпусы да, «Б» корпусының да әкiмшiлiк лауазымдарына жаңа бiлiктiлiк талаптар құрастырылды.

 

Заңның басымдылықтары:

 

кадрларды iрiктеу және ауыстыру барысында меритократия принципiн ұстану;

 

басқарушылық «А» корпусын қалыптастыру;

 

мемлекеттiк қызмет персоналын басқару тетiктерiн және институттарын жетiлдiру;

 

тәртiптiк және этикалық бақылауды қамтамасыз ету.

 

Жаңа заңнаманың нормалары, ең алдымен, мемлекеттiк қызметке түсудiң тиiмдi де ашық тәртiбiн қамтамасыз ететiн заманауи кадрлық технологиялар енгiзуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң үздiксiз кәсiби даму мүмкiндiгiне, жұмыс нәтижесi мен қолдау көрсету жүйесiнiң байланысына, түптеп келгенде халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген сенiм деңгейiнiң артуына бағытталған.

 

Заңды орындау үшiн Мемлекет басшысының 12 Жарлығы мен Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 5 бұйрығы шығарылды.

 

Жаңа Реестрге (тiзiлiмге) сәйкес саяси лауазымдарға мемлекеттiк органдар басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдары, облыс әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыс орталықтарының әкiмдерi, өзге де басшылық лауазымдар жатқызылды.

Ал «А» корпусына жауапты хатшылар, мемлекеттiк органдар және облыс әкiмi аппараттарының басшылары, комитеттер төрағалары, Президент әкiмшiлiгi секторларының меңгерушiлерi, облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi, облыстық ревизиялық комиссиялар төрағалары мен мүшелерi және т.б. лауазымдар жатады.

 

«А» корпусында екi санат бекiтiлген. 2-санатқа құқықтық мәртебесi «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңмен анықталған облыстық ревизиялық комиссиялар төрағалары мен мүшелерi жатады. Бұл лауазымдарға тағайындауды немесе лауазымнан босатуды мәслихаттар жүзеге асырады.

 

«А» корпусының өзге лауазымдары 1-санатқа жатқызылады.

 

«А» корпусының кадрлық резервiн қалыптастырумен Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадрлық саясат бойынша Ұлттық комиссия айналысады.

 

«А» корпусының кадрлық резервi арнайы бiлiктiлiк талаптарға сай азаматтар арасынан iрiктеледi. Олардың бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi, кәсiби бiлiмi мен бiлiгiне талап қойылады. Мұнда бiрдей арнайы бiлiктiлiк талаптар қойылатын лауазымдар топтарға бiрiктiрiлген.

 

Ұлттық комиссия өзiне артылған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында «А» корпусының кадрлық резервiне үмiткерлердiң жеке iстерiн, «А» корпусы қызметшiлерiнiң қызметiне байланысты материалдарды қарастырады, олармен сұхбаттасу жүргiзедi және қажеттi кадрлық шешiм қабылдайды.

Iрiктеудiң бiрiншi кезеңi заңнаманы бiлуге тестiлеу, басқарушылық және жеке қабiлеттерiн анықтауға бағытталған тестiлеу, IQ деңгейiн анықтауға арналған логикалық тестiлеу, КАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлуге тестiлеу.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмысындағы тұрақтылықты және ведомство iшiндегi iзбасарлықты қамтамасыз ететiн тиiмдi тетiктер қалыптастыру үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң «А» корпусының лауазымында болудың 4 жыл мерзiмi бекiтiлген. Бұл мерзiмдi тағы осындай мерзiмге ұзарту мүмкiндiгi берiлген.

Заңның жаңалықтары әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң «Б» корпусын да қамтыған.

«Б» корпусы лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2 санаттарының лауазымдары үшiн еңбек өтiлi бойынша талаптары күшейтiлiп отыр. Сонымен қатар ғылыми атағы бар азаматтар үшiн еңбек өтiлi бойынша жеңiлдiктер қарастырылған.

Заңға және Агенттiк төрағасының бұйрығына сәйкес «Б» корпусының лауазымдарын иелену үшiн өткiзiлетiн конкурстарды өткiзу ережесi де өзгертiлдi.

Бұдан былай тестiлеудi Агенттiк немесе оның аумақтық бөлiмшелерi азаматтардың өтiнiш беруiне қарай, конкурстық процедуралардан тыс өткiзедi. Ол үшiн көп құжаттардың қажетi жоқ. Үмiткерлер тестiлеу күнi мен уақытын өз қалауымен анықтайды. Егер қажеттiлiкке байланысты және залда бос орын болса, бiрден тестiлеуден өте алады.

Заңнамаларды бiлуге қойылатын талаптар күшейтiлдi. Барлық лауазымдардың санаттары үшiн тестiлеу бағдарламасына «Президент» туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Үкiмет туралы» Конституциялық заңдар, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдар енгiзiлген.

Мемлекеттiк органның «Б» корпусының лауазымдарын иеленуге өткiзетiн конкурс келесi кезеңдерден тұрады: хабарландыру беру — құжаттар қабылдау — сұхбаттасу өткiзу — конкурстық комиссия шешiмi.

Мұндағы негiзгi жаңашылдық — конкурсқа тестiлеуден өткендiгi туралы сертификаты бар үмiткер жiберiлетiндiгi. Осылайша конкурсты өткiзудiң уақыты анағұрлым азаяды.

Жаңа заңнама бойынша бақылаушылар институты енгiзiлдi, яғни конкурстық комиссия құрамына сәйкес саланың эксперттерi кiргiзiледi.

 

«Б» корпусының кадрлық резервiн қалыптастыру және пайдалану тетiктерi өзгертiлдi.

 

Кадрлық резерв үш көзден қалыптастырылады:

 

1) конкурс нәтижесiнде ұсынылғандар;

 

2) мемлекеттiк тапсырыспен және шетелдерде бiлiм алғандар;

 

3) халықаралық ұйымдарға немесе өзге мемлекеттерге жұмысқа жiберiлгендер.

 

Тағы бiр жаңашылдық — конкурстық комиссия ұсынған резервтегi үмiткер өзiн ұсынған мемлекеттiк органға ғана жұмысқа орналаса алады.

 

Осылайша «мемлекеттiк органдар арасындағы уағдаластық» арқылы конкурстық процедураларды айналып өту тәжiрибесiне жол берiлмейдi.

Заңға сәйкес ауыстыру арқылы лауазымды иелену тек мемлекеттiк органның, аумақтық бөлiмшелерiн қоса оның ведомствосының iшiнде және олардың арасында ғана iске асырылады.

Конкурстан тыс ауыстыру арқылы тағайындаулар тек Мемлекет басшысы бекiткен тәртiпте ғана рұқсат етiледi.

 

Жаңа заңнамада мемлекеттiк органдардың ұсыныстары ескерiле отыра жұмыс орнының (лауазымның) сақталуы келесi жағдайларда қарастырылған:

 

1) мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызметшiнi жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс аясында оқуға жiберу жағдайы;

 

2) мемлекеттiк қызметшiнi жедел әскери қызметке шақырту жағдайы;

 

3) тағлымадан өту жағдайы.

 

 

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі еңбек заңнамасында қарастырылған қызметкерге жалпы ескерту жариялаудан ерекшеленеді.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі мен ерекшелігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген.

Түсініктеме

Қызметшілер тарапынан азын-аулақ іс-әрекет жасалған жағдайда, сонымен қатар мемлекеттік органның тәртіптік комиссия (одан әрі — Комиссия) теріс қылық туралы деректерді қарастырғанға дейін кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен қызметшіден жазбаша түсініктеме сұратып алуы қажет.

Егер қызметші жазбаша түсініктемеде осы теріс қылықты өзім істедім деп келіссе, онда мемлекеттік орган басшысы қызметтік тергеу жүргізусіз ескерту, сөгіс және қатаң сөгіс жариялауға құқығы бар.

Қызметтік тергеу

Егер қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде осы теріс қылықты істедім деп келіспесе, онда мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесімен анықталған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.

 

Қызметтік тергеу барысында кадрлық қызмет немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғалары теріс қылық жасау және басқа да тергеу негіздерінің жағдаятына қатысты жанжақты және толық материалдар мен мәліметтерді жинап, дәлелді қорытындыға сәйкес материалдарды мемлекеттік органның әртүрлі бөлімшелеріне тапсыратын үш мүшеден тұратын және мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын Комиссияға қарастыруға тапсырады.

 

Егер қызметтік тергеу нәтижесінде қызметші қылмыс белгісін көрсететін іс-әрекетке барғанықталса, мемлекеттік орган немесе уәкілетті орган басшысы бірден алған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажет.

 

Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен, өкімімен белгіленеді.

 

Саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы актілер төмендегідей болуы мүмкін:

 

Республика Президентінің Жарлығы немесе өкімі;

 

Республика Үкіметінің қаулысы;

 

Республика Премьер — Министрінің өкімі;

 

Орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының және басқа да уәкілетті лауазымды тұлғалардың бұйрықтары немесе заңнамамен қарастырылған басқа актілер;

 

Жазалау туралы актіде жазаға тартылатын тұлға, теріс қылық жасағаны үшін жаза мен жаза түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік органның кадрлық қызметі тәртіптік жаза қолдану туралы өкім шыққан сәттен үш күндік мерзімде тәртіптік жазаға тартылған қызметшіні актіге қол қою жолымен таныстыруға міндетті.

Ескертулер мен жазалар туралы актілер және мәліметтер қызметшінің атқарған қызметтерінің тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік органның кадрлық қызметімен ескеріледі.

Тәртіптік ретте жазаланатын, жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметшіге мемлекеттік орган басшысымен белгіленген жазалар туралы, ақпарат кадрлық қызметпен ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі Комитетке міндетті ұсынуға жатады.

 

Қызметшінің түсініктеме беруден бас тартуы

 

Егер мемлекеттік қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартса, онда бұл жаза қолдануға кедергі болуы мүмкін.

 

Сонымен бірге, қызметтік тергеу материалдарын Комиссияға қарауға тапсыру және қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанға қатысты қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы жағдайында жаза қолдану туралы шешімді қабылдау үшін кедергілер жоқ.

 

Мұндай жағдайда кадрлық қызмет қызметкерімен немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен түсініктеме беруден бас тартуы туралы сәйкесінше акт жасайды.

 

Тәртіптік жаза кіммен салынады

 

Тәртіптік жаза лауазымдық өкілдігіне сәйкес құқығы бар тұлғалармен салынады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай тұлға мемлекеттік орган басшысы болуы мүмкін.

Осылайша, мемлекеттік орган басшысы өздігінен немесе Комиссия ұсынысының негізінде келесідей шешім қабылдайды:

сәйкесінше жаза қолданады;

 

материалдарды қосымша тергеуге жолдайды;

 

жаза қолданбайды.

 

Саяси қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың нақты тізбесі анықталған. Қызметшілерге жаза:

Мемлекет Басшысымен тағайындалатын, Мемлекет Басшысының мемлекеттік орган немесе басқа уәкілетті лауазымды тұлғасы, осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша немесе өзінің жеке бастамашылығы бойынша жазаланады;

Президент Әкімшілігі, Әкімшілік Басшысымен тағайындалатын — Әкімшілік Басшысының жеке бастамашылығы немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі басшыларының ұсынысы бойынша;

 Премьер — Министр Кеңсесі және орталық атқару органдары — Үкіметпен немесе Премьер — Министрдің жеке бастамашылығы немесе сәйкесінше Кеңсе басшысы, Үкіметтің басқа мүшелері, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдары басшыларының ұсынысы бойынша;

Парламент Платасы аппараты — Палата Төрағаларының ұсыныс бойынша осы Палаталардың Бюросы;

Жергілікті атқару органдары — осы атқару органдарының жоғары тұрған басшылары;

Басқа саяси мемлекеттік қызметшілер — өзінің жеке бастамашылығы бойынша мемлекеттік орган басшылары немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсынысы бойынша.

 

Тәртіптік жаза қолдану кезіндегі шектеулер

 

Қызметшіге жаза қолдану туралы жұмыс берушінің актісі мынадай кезеңдерде шығарылмайды:

 

қызметшінің уақытша жұмысқа жарамсыздығы;

 

қызметшінің демалыста болуы;

 

қызметшінің іссапарда болуы.

 

Қызметшіге әрбір тәртіптік теріс қылық үшін тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.

Еңбек Кодексімен және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қарастырылмаған тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.