Тоқшын ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы

 

Тоқшын ауылдық округінің аумағында 3 ауыл орналасқан: Тоқшын а., Камышлово а., Тюменка а., тұрғындардың жалпы саны 2352 адам.

Округ бойынша экономикалық белсенді тұрғындар-1511 адам.

Ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді ұсыну бойынша жұмыс жүргізіледі. 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі, оларға тиісті жауаптар, ұсынымдар, кеңестер беріледі. 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 13 өтініш түсті. 39 нотариалдық әрекет жасалды.

Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасалған жоқ.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2020 жылы 102 адам жұмысқа орналастырылды, 66 жаңа жұмыс орны құрылды.

Округ бойынша жалдамалы қызметкерлер саны 756 дам, бұл халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 50,1% құрайды.

Халықтың әлеуметтік-әлаухат топтарын жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы округте ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, оған 13 адам жіберілді.

Жалғыз тұратын зейнеткерлерге 8 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы көлемі 22986 га құрайды, жаздық егіс – 10687 га. Жер үлесі ШҚ, ФҚ -16%, ЖШС - 84%.

2020 жылы ҚШ,ФҚ дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 15,7 ц/га, майлы дақылдар 9,5 ц/га құрады. ЖШС дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 14,9 ц/га, майлы дақылдар 12 ц/га құрады

Жеке аулада ауылдық округінің мал басы құрайды: ІҚМ – 1330 бас (сиырлар – 627), шошқа – 1173, қой – 1382, жылқы – 224 бас, құстар – 9925.

Округте мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуде. «Лидер» ФҚ 33 бас ІҚМ, 40 бас шошқа, «Көк бөрі» ФҚ 420 бас қой, «Жумабаева» ФҚ 5 бас ІҚМ, 2 бас жылқы, «Полле» ФҚ 53 бас ІҚМ, 300 бас қой, «Умурбаева» ЖК – 14 бас ІҚМ.

Сүтті «АгроРесурсПродукт» ЖШС бір литрді 110 теңгеден сатып алады.

Округте 17 дүкен жұмыс істейді.

Қысқы кезеңде ЖШС, ШҚ, ФҚ көмегімен көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Рұқсаты жоқ қоқыс тастайтын орындарды жою бойынша жұмысын «Нурлыжол-БК» ЖШС өткізді.

2020 жылы Тоқшын ауылы Садовая көшесі, Камышлово ауылы Проезд 2 көшесінің көше жарықтандыру, Тоқшын ауылында шағын

футбол алаң орнату жұмыстары өткізілді, Даңк мемориалының косметикалық жөндеу өткізілді.

2020 жылы Камышлово а. су құбырларын қосу және 4 су тарату колонкасын орнату бойынша жұмыстар өткізілді және су тарату пунктіне жаңа сорғы орнатылды. «Есіл су» ЖШС негізгі су құбырына қосу мәселесі бойынша және Аққайың АЭС мен техжағдай алу жұмыстары өткізілуде.

Тоқшын ауылында су тарату жүелерін құру бойынша жұмысы жалғасуда. Жұмыс аяқталу мерзімі 2021 жылғы қазан айы.

Кең жолақты ғаламтор желісіне 448 абонент қоқосылды.

Камышлово-Тоқшын-Петропавл бойынша автобус бағыты бар.

Округте 3 мектеп жұмыс істейді, онда 367 оқушы білім алуда. Тоқшын мектеп-гимназиясының жанында 35 орынға арналған толық күнді және 30 орынға арналған жартылай күнді шағын орталықтары бар.

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және үйірме жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Тоқшын ауылында Чапаев дәрігерлік амбулаториясы жұмыс істейді, ол қажетті жиһазбен, жабдықтармен, жедел жәрдем автокөлігімен жабдықталған. 2020 жылы ғимараттың күрделі жөндеу жұмысы өткізілді.

Камышлово, Тюменка ауылдарында медициналық пунктілер қызмет көрсетеді. Округ бойынша 300 адам жеңілдік дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Тоқшын ауылдық округінде 8500 мыңнан астам дана кітап қорымен ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді. Тюменка ауылында жеке ауылдық клуб бар.

Округте стадион, хоккей қорабы, шағын футбол алаңы бар. Округ тұрғындары аудандық және облыстық спорт іс-шараларында белсенді қатысады.

2021 жылы алдымызға қойылатын талаптар:

шағын және орта бизнес объектілерін дамыту және нығайту; халыққа қызмет көрсету үшін қызмет салаларын кеңейту; ауылды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу; округ көшелерінің жарықтандыру, ішкі ауылдық жолдарын жөндеу жұмыстары, жалғасады, балаларға арналған спорт ойын алаңы орнату, ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар өткізу, ауылдарда су құбырын өткізу.

 

Тоқшын ауылдық округінің әкімі

Б. Имантаев